Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

445
Техникалық ескертпелер
A Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру
Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді
сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін мəліметін толық
өшірмейтінін ескеріңіз. Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы
бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан
шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға
əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету
қолданушының өз жауапкершілігі болып таб
ылады.
Дерект
ерді сақтау құрылғысын лақтырудан немесе меншік құқығын басқа
адамға аударудан бұрын, еркін сатылыдағы бағдарлама көмегімен
барлық деректерді өшіріңіз немесе құрылғыны пішімдеңіз жəне содан
кейін ешқандай жеке мəліметті қамтымайтын суреттермен (мысалы,
ашық аспан суреттері) толтырыңыз. Деректерді сақтау құрылғыларын
физикалық тұрғыдан жойған кезде жарақат алып қалмау үшін сақ болу
қажет.
Фотокамераны қ
оқысқа лақтыру немесе иелікті
басқа тұлғаға тапсыру
алдында да фотокамераның баптау мəзіріндегі Reset all settings
(Барлық параметрлерді қалпына келтіру) параметрін пайдаланып,
бүкіл жеке желі туралы ақпаратты жою керек.
A Қолдауға ие стандарттар
DCF 2.0 нұсқасы: Design Rule for Camera File System (Фотокамераның
файлдық жүйесіне арналған жобалық ереже) (DCF) —
фотокамералардың əр түрлі маркалары арасында үйлесімділікті
қамтамасыз ету үшін сандық фотокамералар саласында кеңінен
пайдаланылатын стандарт.
Exif 2.31 нұсқасы: фотокамера Exif (Exchangeable Image File Format for
Digital Still Cameras (сандық фотоаппаратқа арналған кескін
файлдарының өзара алмасымды пішімі)) 2.31 нұсқасын қолдайды. Бұл
фотосуреттермен бірге сақталатын ақпарат кескіндер Exif үйлесімді
п
р
интерлерде басылғанда оңтайлы түстерді көрсету үшін
пайдаланылатын стандарт.
PictBridge: сандық фотокамераларды жəне принтерлерді шығаратын
компаниялар бірлесіп əзірлеген, фотосуреттерді алдымен компьютерге
тасымалдаусыз тікелей принтерден басып шығаруға мүмкіндік беретін
стандарт.
•HDMI: High-Definition Multimedia Interface — бір кабельдік қосылым
арқылы аудио-бейне деректерін жəне HDMI үйлесімді құрылғыларға
басқару сигналдарын тасымалдай алатын тұтынушылық
электроникада жəне аудио-бейн
е құр
ылғыларында пайдаланылатын
мультимедиалық интерфейстерге арналған стандарт.