Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
429
Техникалық ескертпелер
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң-тозаңды баппен
тазалау үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ
шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін таза сумен
азғантай ылғалдандырылған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін
фотокамераны толығымен кептіріңіз. Сирек жағдайларда статикалық
электр тогы сұйық кристалдық дисплейлердің жа
нуын нем
есе
күңгірттенуін тудыруы мүмкін. Бұл ақау емес жəне дисплей көп ұзамай өз
қалпына келеді.
Объективтер, көріністапқыштар жəне басқа шыны элементтер оңай
зақымдалады. Шаң-тозаңды ауа үргішпен ақырын кетіру керек.
Аэрозольды ауа үргішті пайдаланған кезде сұйықтығы төгілмеуі үшін
сауытын тік ұстаңыз. Шыны беттерден саусақ іздерін жəне басқа
дақтарды кетіру үшін жұмсақ ш
үберекке объе
ктивті тазалағыш
сұйықтықтан шамалы құйып, шыныны мұқият сүртіңіз.
Кескін сенсорына тимеңіз: ешбір жағдайда
кескін сенсорына күш салмау, оны тазалағыш
құралдармен түртпеу керек немесе оған ауа
үргіштен шығатын қатты ауа ағынын
бағыттамау қажет. Бұл əрекеттер сенсорға
сызат түсіруі немесе басқаша зақымдауы
мүмкін. Кескін сенсорын тазалау туралы
ақпаратты «Кескін сенсорын тазалау» (0 423)
бөлімін
де қара
ңыз.
Объектив түйіспелері: объектив түйіспелерін таза ұстаңыз жəне оларға
саусақтармен, құралдармен немесе басқа заттармен тимеңіз.
Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер айнымалы ток адаптерін
пайдалансаңыз, өрттен сақтау үшін адаптерді розеткадан суырыңыз.
Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, батареяның ағуына жол
бермеу үш
ін алып қойыңыз жə
не фотокамераны ылғал тартқышы бар
пластик пакетте сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластик пакетте
сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін. Ылғал
тартқыш ылғалды сіңіру барысында өз мүмкіндігін баяу жоғалтатынын
жəне оны жүйелі аралықтарда ауыстыру қажет екенін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған
жерінен кемінде ай
ына бі
р рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны
қосыңыз жəне оны қайта салмай тұрып, ысырмасын бірнеше рет
босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны басқа жерде
сақтау алдында түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
Кескін сенсоры