Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

383
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
3 C: жарқыл параметрлерін реттеңіз.
Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)),
жарқыл бөліктері ең көбі қанша рет
жанатынын (Times (Саны)) жəне
жарқыл бөліктері секундына қанша
рет жанатынын (Frequency (Жиілік))
таңдаңыз.
Таңдалған топтарды қосыңыз немесе
өшіріңіз. Таңдалған топты қосу үшін
ON (ҚОСУЛЫ) күйін, таңдалған
топты өшіру үшін – – күйін таңдаңыз.
Басты жарқыл үшін арнаны
таңдаңыз. Қашықтан
басқарылатын
жарқыл бөліктері SB-500 қамтыса
3-арнаны таңдау керек, олай
болмаса, 1 жəне 4 арасындағы кез
келген арнаны таңдауға болады.
4 f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басты
жарқылмен бірдей арнаға орнатыңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін 3-қадамда
таңдалған арнаға орнатыңыз.