Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
346
Қосылымдар
3 Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып
шығаруды бастау) пəрменін белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Барлық көшірмелер басып шығарылмай тұрып
басып шығарудан бас тарту үшін J түймешігін басыңыз.
Бірнеше суретті басып шығару
1 PictBridge мəзірін көрсетіңіз.
PictBridge ойнату дисплейінде G түймешігін басыңыз.
2 Параметрді таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.
• Print select (Басып шығарылатындарды таңдау): басып
шығарылатын суреттерді таңдау. Суреттерді жүгірте қарау
үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз (белгіленген суретті
толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап
тұрыңыз) жəне басып шығарулар санын таңдау үшін 1
немесе 3 түймешігін басыңыз. Суреттен таңдауды алу
үші
н
басып шығарулар санын нөлге орнатыңыз.
• Index print (Сурет нобайлары бар бет)
: жад картасындағы
барлық JPEG суреттерінің сурет нобайлары бар бетін
жасау. Жад картасында 256-дан көбірек сурет болса, тек
бірінші 256 кескін басып шығарылатынын ескеріңіз.
3-қадамда таңдалған бет өлшемі сурет нобайлары бар бет
үшін тым кішкентай болса, ескерту көрсетіледі.
3 Басып шығару параметрлерін реттеңіз.
Принтер параметрлерін «Суреттерді бір бірден басып
шығару» (0 345) бөлімінің 2-қадамында сипатталғандай
реттеңіз.
4 Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып
шығаруды бастау) пəрменін белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Барлық көшірмелер басып шығарылмай тұрып
басып шығарудан бас тарту үшін J түймешігін басыңыз.