Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

338
Қосылымдар
Қосылымдар
Фотокамераны смартфондарға немесе планшеттерге (смарт
құрылғылар), компьютерлерге немесе FTP серверлеріне, я
болмаса принтерлерге немесе HDMI құрылғыларына қосу
арқылы фотосурет түсіру көкжиегіңізді кеңейтіңіз.
Фотокамераны смарт құрылғыдан қашықтан басқару
жəне фотокамерадан суреттерді жүктеп алу үшін
SnapBridge қолданбасын пайдаланыңыз.
SnapBridge қолданбасы Apple App
Store
®
жəне Google Play™
дүкендерінде тегін қолжетімді.
SnapBridge туралы соңғы жаңалықтарды оқу үшін Nikon веб-
сайтына кіріңіз. Фотокамераны қосу жəне SnapBridge
қолданбасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты
SnapBridge онлайн анықтамасында қараңыз.
Смарт құрылғыларға қосылу
A Сымсыз байланыстар
Компьютерлермен немесе смарт құрылғылармен сымсыз
байланыстарды орнату туралы ақпаратты Nikon жүктеп алу
орталығында қолжетімді Желі нұсқаулығында қараңыз:
Z 7: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/492/Z_7.html
Z 6: https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/493/Z_6.html