Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
329
Мəзір нұсқаулығы > N Өңдеу мəзірі
3 Екінші кескінді таңдаңыз.
Таңдалған кескін Image 1 (1-кескін) ретінде көрсетіледі.
Image 2 (2-кескін) параметрін белгілеп, J түймешігін
басыңыз, содан кейін 2-қадамда сипатталғандай екінші
фотосуретті таңдаңыз.
4 Күшейтуді реттеңіз.
Image 1 (1-кескін)
немесе
Image 2
(2-кескін)
параметрін белгілеңіз жəне
0,1 жəне 2,0 арасындағы мəндерден
күшеюді таңдау үшін
1
немесе
3
түймешігін басып үстіне қабаттау
экспозициясын оңтайландырыңыз.
Екінші кескін үшін қайталаңыз. Əдепкі мəн — 1,0; жартылай күшею
үшін 0,5 мəнін, ал екі еселеу үшін 2,0 мəнін таңдаңыз. Күшеюдің
əсерлері
Preview (Алдын ала қарау)
бағанында көрінеді.
5 Үстіне қабаттауды алдын-ала
қараңыз.
Кадр жиектемесін алдын-ала қарау
үшін 4 немесе 2 түймешігін басып
жүгіргіні Preview (Алдын-ала қарау)
бағанында орналастырыңыз, содан
кейін 1 немесе 3 түймешігін басып,
Overlay (Үстіне қабаттау) параметрін белгілеңіз, сөйтіп J
түймешігін басыңыз (алдын-ала қараудағы түстер мен
жарықтық түпкілікті кескіннен ерекшеленуі мүмкін екенін
ескеріңіз). Үстіне қаб
а
ттауды алдын ала қарауды
көрсетпестен сақтау үшін Save (Сақтау) пəрменін таңдаңыз.
4-қадамға оралып, жаңа фотосуреттерді таңдау немесе
күшейту параметрін реттеу үшін W (Q) түймешігін басыңыз.
6 Үстіне қабаттауды сақтаңыз.
Үстіне қабаттауды сақтау үшін
алдын-ала қарау мүмкіндігі көрініп
тұрғанда J түймешігін басыңыз.
Үстіне қабаттау жасалғаннан кейін
нəтижесінде пайда болатын кескін
толық өлшемде көрсетіледі.