Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
319
Мəзір нұсқаулығы > N Өңдеу мəзірі
NEF (RAW) фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін
жасаңыз. G түймешігін басу арқылы өңдеу мəзірін
көрсетсеңіз, бұл параметрді бірнеше кескінді көшіру үшін
пайдалануға болады.
1 NEF (RAW) processing (NEF (RAW)
өңдеу) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мəзірінде NEF (RAW)
processing (NEF (RAW) өңдеу)
параметрін белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.
2 Кескіндер қалай таңдалатынын
таңдаңыз.
Келесі параметрлерден таңдаңыз:
• Select image(s) (Кескіндерді
таңдау): бір немесе бірнеше
кескінді қолмен таңдау.
• Select date (Күнді таңдау):
таңдалған күндері түсірілген барлық NEF (RAW) пішіміндегі
кескіндердің JPEG көшірмелерін жасау.
• Select all images (Барлық кескіндерді таңдау): жад
картасындағы барлық NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің
JPEG көшірмелерін жасау (4-қадамға өтіңіз).
NEF (RAW) Processing (NEF (RAW) өңдеу)
G түймешігі ➜ N өңдеу мəзірі