Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

8
Фотокамерамен танысу
Бұл бөлімде фотокамераның əртүрлі басқару элементтерін
жəне дисплейлерін пайдалану əдісі берілген.
Көріністапқыш
Көзді көріністапқышқа жақындатқанда
көз сенсоры белсендіріліп, дисплей
монитордан көріністапқышқа
ауыстырылады (көз сенсоры
саусақтарыңыз сияқты басқа
нысандарға да реакция көрсететінін
ескеріңіз). Қажет болса,
көріністапқышты мəзірлер жəне қарау
үшін пайдалануға болады.
Монитор режимі түймешігі
Көріністапқыш пен монитор дисплейлері
арасында келесідей ауысу үшін монитор
режимі түймешігін басыңыз.
Фотокамераны басқару элементтері
D Диоптрияны реттеу тетігі
Көріністапқышты фокустау үшін диоптрияны
реттеу тетігін көтеріңіз жəне айналдырыңыз.
Көзге саусақтарды немесе тырнақтарды
кіргізіп алмаңыз. Фокус қанағаттанарлықтай
реттелгеннен кейін басқару элементін
қайтадан ішіне итеріңіз.
A Ұзақ пайдалану
Көріністапқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда d8 (Apply settings to
live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану)) қолданушы
параметрі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдау арқылы көру ыңғайлы болуы
үшін көріністапқыш жарықтығын жəне реңкін реттеуге болады.
A Монитор режимі
Таңдау үшін қолжетімді монитор режимдерін баптау мəзіріндегі Limit
monitor mode selection (Монитор режимін таңдауды шектеу)
параметрін пайдаланып шектеуге болады.
Көз сенсоры