Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

265
Мəзір нұсқаулығы > A Қолданушы параметрлері
Сурет түсірілген кезде фотокамера файл атын соңғы файл
нөміріне бір санын қосу арқылы жасайды. Бұл параметр жаңа
қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад
картасы фотокамераға салынған кезде, файлдарды нөмірлеу
соңғы қолданылған саннан бастап жалғаса ма, соны басқарады.
d7: File Number Sequence (Файл нөмірлерінің
реттілігі)
G түймешігі A (Қолданушы параметрлерінің мəзірі)
Параметр Сипаттама
On
(Қосулы)
Файлдарды нөмірлеу соңғы пайдаланылған нөмірден
жалғасады. Бұл қайталанатын файл атауларының орын
алуын барынша азайту арқылы файлдарды басқаруды
жеңілдетеді.
Off
(Өшірулі)
Файлдарды нөмірлеу 0001 нөмірінен немесе ағымдағы
қалтадағы ең үлкен файл нөмірінен қайта басталады
(файлдарды ретпен нөмірлеуді өшіріп, қайтадан қоссаңыз,
файлдарды нөмірлеу соңғы пайдаланылған нөмірден
жалғасады).
Reset
(Қалпына
келтіру)
On (Қосулы) па
рамет
ріндегідей, тек Reset (Қалпына
келтіру) пəрмені таңдалғаннан кейін келесі түсірілген
суретке файл нөмірі ағымдағы қалтадағы ең үлкен файл
нөміріне бір санын қосу арқылы тағайындалады. Қалта бос
болса, файлдарды нөмірлеу 0001-ге қалпына келтіріледі.
D File Number Sequence (Файл нөмірлерінің реттілігі)
Ағымдағы қалтада 5000 сурет немесе 9999 сурет бар кезде сурет
түсірілсе, жаңа қалта жасалады жəне файлдарды нөмірлеу 0001
нөмірінен қайта басталады. Жаңа қалтаға ағымдағы қалта нөмірінен бір
мəнге жоғарырақ нөмір немесе нөмірі осындай қалта бұрыннан бар
болса, қолжетімді ең төмен қалта нөмірі белгіленеді. Ағымдағы қалта
999 деп нөмірленген болса, фотокамера жаңа қалтаны жа
с
ай алмайды
жəне ысырманы босату өшіріледі (бұған қоса, фотокамера максималды
ұзақтығы бар бейнефильмді жазу үшін керек файлдардың саны 5000-
нан артық файлды қамтитын қалтаға немесе 9999-дан асатын нөмірі
бар файлға əкелетінін есептесе, бейнефильм жазу өшірілуі мүмкін).
Суретке түсіруді жалғастыру үшін d7 (File number sequence
(Файлдарды нөмірлеу реті)) қолданушы параметрі үшін Reset
(Қалпына келтіру) пəрме
нін та
ңдаңыз, содан кейін ағымдағы жад
картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз.