Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
238
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
D Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру
Жарқылды пайдаланып жатсаңыз, жарқылдың зарядталуы үшін қажет
уақыттан ұзағырақ аралықты таңдаңыз. Бұл аралық тым қысқа болса,
жарқыл толық экспозиция үшін қажеттен азырақ қуатпен жануы мүмкін.
Фокусты жылжытуды фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның
ішінде бейнефильм жазу, баяулатылған бейнефильмдер, брекетинг,
өздігінен түсіруді реттейтін таймер, ұзақ экспозициялар (қолмен басылу
режимінде немесе уақыт режимінде фотосурет түсіру), HDR (жоғары
ди
нами
калық ауқым), бірнеше экспозиция жəне аралықты реттейтін
таймер арқылы фотосурет түсіру мүмкіндіктерімен бірге пайдалану мүмкін
емес. Кескіндер жазу үшін қажетті ысырма жылдамдығы жəне уақыт бір
түсірілімнен келесісіне дейін өзгеруі мүмкін болғандықтан, бір аралықтың
аяғынан келесі аралықтың басына дейінгі уақыт əр түрлі болуы мүмкін.
Ағымдағы параметрлерде суретке түсіруді жалғастыру мүмкін болмаса
(мысалы, ысырма жылдамды
ғ
ы
Bulb (Қолмен басылу режимі)
немесе
Time (Уақыт)
мəніне орнатылған болса), ескерту көрсетіледі.
D Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы)
күйін таңдасаңыз, фотокамераның кейбір мүмкіндіктері, соның ішінде
мыналар өшіріледі:
• Hi 0,3 жəне Hi 2 аралығындағы ISO сезімталдықтары
• Жарқылмен фотосурет түсіру
• Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)
• Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)