Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
235
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
• Focus step width (Фокустау қадамының ені)
: фокустау қашықтығы
əрбір түсірілімде қандай мөлшерге өзгеретінін таңдаңыз.
Қысқа фокустау қашықтықтарында анық түсірілетін кеңістік
тереңдігі азаятындықтан, фотокамераға жақын нысандардың
фотосуреттерін түсіргенде кішірек фокустау қадамдарын
таңдау жəне түсірілімдер санын арттыру ұсынылады.
• Interval until next shot (Келесі түсірілімге дейінгі аралық):
түсірілімдер арасындағы аралықты таңдаңыз.
Жарқылды пайдалану кезінде дұрыс экспозицияны қамтамасыз ету
үшін жарқыл зарядталуы үшін жеткілікті ұзақ аралықты таңдаңыз.
• First-frame exposure lock (Бірінші кадрдың экспозиция
құлпы): экспозиция құлпын қосу немесе өшіру.
Focus step width (Фокустау
қадамының ені) параметрін
белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.
Фокустау қадамының енін
азайту үшін 4 түймешігін,
арттыру үшін 2 түймешігін
басыңыз. Жалғастыру үшін J
түймешігін басыңыз.
Interval until next shot (Келесі
түсірілімге дейінгі аралық)
параметрін белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.
Аралықты (секундтар
түріндегі) таңдап, J түймешігін
басыңыз.
First-frame exposure lock
(Бірінші кадрдың экспозиция
құлпы) параметрін белгілеп, 2
түймешігін басың
ы
з.
Параметрді белгілеп, J
түймешігін басыңыз.