Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
216
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет
түсіру
1 Interval timer shooting (Аралықты
реттейтін таймер арқылы түсіру)
параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мəзірінде Interval
timer shooting (Аралықты
реттейтін таймер арқылы түсіру)
параметрін белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз.
Аралықты реттейтін таймер арқылы
түсіру параметрлері көрсетіледі.
D Суретке түсіруден бұрын
Аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсіруді бастау
алдында ағымдағы параметрлерде сынақ түсірілім жасаңыз жəне
нəтижелерді көріңіз. Басталу уақытын таңдау алдында баптау
мəзірінде Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күн) параметрін
таңдаңыз жəне фотокамера сағаты дұрыс уақыт пен күнге
орнатылғанын тексеріңіз. Суретке түсірудің үзілмеуін қамтамасыз ету
үшін фотокамераның батареясы толығымен зарядтаулы екеніне көз
жеткізің
і
з. Күмəніңіз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз
немесе айнымалы ток адаптерін жəне қуат жалғағышын (бөлек
сатылады) пайдаланыңыз.