Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
174
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
3 Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.
J түймешігін басып параметрлерді
сақтаңыз, сөйтіп фотосурет түсіру
мəзіріне оралыңыз. Ақ түс балансы
дəл реттелсе, түсіру режимінің
дисплейіндегі ақ түс балансы
белгішесінің жанында жұлдызша
(«U») көрінеді.
D Ақ түс балансын дəл реттеу
Дəл реттеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы болып
келеді. Мысалы, ақ түс балансы үшін J (Incandescent (Қызу бөлетін
шам)) сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске
жылжыту фотосуреттерді азғантай «суықтау» етеді, бірақ шын мəнінде
оларды көк етпейді.
D «Майред»
Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғары түс
температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек
айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K
өзгерісі түсте 6000 K мəнімен салыстырғанда 3000 K мəнінде
əлдеқайда үлкенірек өзгеріске əкеледі. Түс температурасының
инверсиясын 10
6
көбейту арқылы есептелетін майред — осындай
құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс
температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік
болып табылады. Мысалы:
• 4000 K–3000 K (айырмашылық: 1000 K) = 83 майред
• 7000 K–6000 K (айырмашылық: 1000 K) = 24 майред