Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
173
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
Ақ түс балансы мəзірі: дəл реттеу
Дəл реттеу фотокамера мəзірлері арқылы қолжетімді. Дəл
реттеу туралы қосымша ақпаратты «Ақ түс балансын дəл
реттеу» (0 101) бөлімінде қараңыз. Алдын-ала қолмен
енгізілген ақ түс балансын дəл реттеу туралы ақпаратты
«Алдын-ала қолмен енгізілген ақ түс балансын дəл реттеу»
(0 178) бөлімінде қараңыз.
1 Дəл реттеу параметрлерін
көрсетіңіз.
Фотосурет түсіру мəзірінде White
balance (Ақ түс балансы)
параметріне өтіңіз, ақ түс балансы
параметрін белгілеңіз жəне 2
түймешігін басыңыз.
2 Ақ түс балансын дəл реттеңіз.
Ақ түс балансын дəл реттеу үшін
мульти селекторды пайдаланыңыз.
Ақ түс балансын сары (A) – көк (B)
білігінде 0,5 қадамдарымен жəне
жасыл (G) – қою қызыл (M) білігінде
0,25 қадамдарымен дəл реттеуге
болады. Көлденең (A сары – B көк)
ось түс температурасына сəйкес
келеді, ал тік (G жасыл – M қою
қызыл) осьт
ің əсерлері сəйкес түс түзетілімі (CC)
сүзгілерінікіне ұқсас. Көлденең білік шамамен 5 майредке
тең қадамдармен, тік білік шамамен 0,05 диффузиялық
тығыздық бірліктерінің қадамдарымен белгіленген.
Координаттар
Реттеу