Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

165
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
Select Folder by Number (Қалтаны нөмірі
бойынша таңдау)
Қалталарды нөмірі бойынша таңдау немесе ағымдағы қалта
атауы жəне жаңа қалта нөмірі бар жаңа қалтаны жасау үшін:
1 Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау)
пəрменін таңдаңыз.
Select folder by number (Қалтаны нөмірі бойынша таңдау)
пəрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
2 Қалта нөмірін таңдаңыз.
Цифрларды белгілеу үшін 4 немесе
2 түймешігін басыңыз, өзгерту үшін
1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Таңдалған нөмірі бар қалта бұрыннан
бар болса, келесі белгішелердің
біреуі көрсетіледі:
W: қалта бос.
X: қалта жартылай толы.
Y: қалтаның ішінде 5000 сурет немесе 9999 нөмірлі сурет
бар. Бұл қалтаға қосымша суреттер сақталмайды.
3 Өзгертулерді сақтап, шығыңыз.
Əрекетті аяқтау жəне негізгі мəзірге оралу үшін J түймешігін
басыңыз (сақтау қалтасын өзгертусіз шығу үшін G
түймешігін басыңыз). Егер көрсетілген нөмірі бар қалта əлі
жоқ болса, жаңа қалта жасалады. Кейінгі фотосуреттер
таңдалған қалта толғанға дейін сол қалтада сақталады.