Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
xvi
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды
болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары»
бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың
барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
Қауіпсіздік шаралары
ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім
немесе ауыр жарақат қаупін тудырады.
ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау
өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын
қолданбау жарақатқа немесе мүліктің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
• Жүріп бара жатқанда немесе көлікті жүргізіп келе жатқанда
пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға немесе басқа жарақатқа
əкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа
сəтсіз жағдай нəтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа əкелуі
мүмкін.
• Өнімнен түтін, жылу немесе əдеттен тыс и
істер
шығуы сияқты кез
келген дұрыс емес нəрселерді байқасаңыз, батареяны немесе қуат
көзін дереу ажыратыңыз.
Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе басқа жарақатқа əкелуі
мүмкін.
• Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны
ылғалды қолдармен ұстамаңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына əкелуі мүмкін.
• Осы өнім қосулы кезінде неме
се
розеткаға қосулы кезінде терінің
өнімге ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен температуралық күйіктерге əкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар
бар жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарылысқа немесе өртке əкелуі мүмкін.