Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
137
Қарау туралы қосымша ақпарат
Choose Start/End Point (Басталу/аяқталу
нүктесін таңдау)
Бейнефильмдердің қысқартылған көшірмелерін жасау үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1 Бейнефильмді толық өлшемде көрсетіңіз.
2 Жаңа алғашқы кадрда
бейнефильмді кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді
көру» (0 49) бөлімінде
сипатталғандай ойнатыңыз, J
түймешігін басып ойнатуды бастаңыз
жəне жалғастырыңыз, 3 түймешігін
басып кідіртіңіз, ал 4 немесе 2
түймешігін басып, я болмаса басты
басқару дискін айналдырып қажетті кадрды табыңыз.
Бейнефильмдегі шамамен алынған орынды бейнефильм
орындалу барысының жолағынан анықтауға болады. Жаңа
алғашқы кадрға жеткенде
ойнатуды кідіртіңіз.
3 Choose start/end point (Басталу
нүктесін/аяқталу нүктесін таңдау)
пəрменін таңдаңыз.
i мəзірін көрсету үшін i түймешігін
басыңыз, содан кейін Choose start/
end point (Басталу нүктесін/
аяқталу нүктесін таңдау) пəрменін
белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз.
Бейнефильм орындалу
барысының жолағы