Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)
93
Суретке түсіру басқару элементтері
3 Фотосуретті қайта жиектеңіз жəне
суретке түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі
жартылай басылып тұрса (AF-S)
немесе қосымша селектордың
ортасы басылып тұрса, фокус
түсірілімдер арасында құлыптаулы
күйде болып, бір фокус параметрімен
қатарынан бірнеше фотосурет
түсіруге мүмкіндік береді.
Фокустау құлпы қосылып тұрғанда фотокамера мен нысан
арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Нысан қозғалып кетсе,
оны жаңа қашықтықтан қайта фокустаңыз.
D AF-S
AF-S фокустау режимі таңдалған болса, фокус ысырманы босату
түймешігі жартылай басылып тұрғанда құлыпталады (сондай-ақ фокус
қосымша селектордың ортасы басылып тұрғанда құлыпталады).
D
Экспозиция құлпы үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану
c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ))
қолданушы параметрі үшін On (half press) (Қосулы (жартылай басу))
таңдалған болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылып
тұрғанда экспозиция құлыпталады.