Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
487
Бағдарлама жасақтамасының жаңартымдары арқылы
❚❚ Дауыстық ескертпе параметрлері
Баптау мəзірі енді дауыстық ескертпені
жазу жəне ойнату үшін келесі
параметрлерді қамтитын Voice memo
options (Дауыстық ескертпе
параметрлері) элементін ұсынады.
Voice memo control (Дауыстық
ескертпені басқару) дауыстық
ескертпе жазу кезінде бейнефильм
жазу түймешігінің əрекетін басқарады.
- Press and hold (Басып, ұстап тұру)
(əдепкі): жазу бейнефильм жазу
түймешігін басып тұрғанда ғана орын
алады жəне осы түймешікті жібергенде аяқталады.
- Press
to start/stop
(Бастау/тоқтату үшін басу): жазуды
бастау үшін бейнефильм жазу түймешігін бір рет басыңыз
жəне жазуды аяқтау үшін тағы бір рет басыңыз.
Audio output (Аудио шығысы) дауыстық ескертпені
ойнатудың дыбыс деңгейін басқарады.
- Speaker/headphones (Динамик/құлаққаптар): фотокамера
динамигінде немесе фотокамераға қосылған құлаққаптарда
дауыстық ескертпелер қандай дыбыс деңгейімен
ойнатылатынын таңдаңыз.
- Off (Өшірулі): бейнефильм жазу
түймешігі басылып
тұрғанда, дауыстық ескертпелер ойнатылмайды.