Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
iii
Бұл нұсқаулық Z 7 жəне Z 6 екеуімен де бірге пайдалануға арналған.
Иллюстрацияларда Z 7 көрсетілген.
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажет ақпаратты оңайырақ табу үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
Фотокамера дисплейлерінде көрсетілетін мəзір элементтері,
параметрлер жəне хабарлар қалың қаріппен көрсетілген. Бұл
нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы жəне
көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі» деп аталады;
жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.
Бұл фотокамераны XQD жəне CFexpress Type B жад карталарымен бірге
пайдалануға болады. Бұл екеуін ажыра
ту кере
к емес мəтінмəндерде, бұл
нұсқаулықта түрлердің екеуі де «жад карталары» деп аталады.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар»
деп аталады.
Фотокамера параметрлері
Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелерде əдепкі параметрлер
пайдаланылады деп саналады.
Осы нұсқаулық туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне жасалған
сілтемелерді белгілейді.
A Қауіпсіздік шаралары
Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік
шаралары» (0 xvi) бөліміндегі қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқыңыз.