Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
430
Техникалық ескертпелер
D Кескін сенсорындағы бөгде заттар
Объективтер немесе корпус қақпақтары алынғанда немесе
ауыстырылғанда фотокамераға кірген бөгде заттар (немесе сирек
жағдайларда, фотокамераның өзіндегі май немесе майда бөлшектер)
кескін сенсорына жабысып, белгілі бір жағдайларда түсірілген
фотосуреттерде көрінуі мүмкін. Объектив салынбаған кезде
фотокамераны қорғау үшін фотокамера корпусының қақпағын орнына
салуды ұмытпаңыз, ол үшін алдымен фотокамера бекіткішіне,
объектив бе
кіт
кішіне жəне корпус қақпағына жабысуы мүмкін барлық
шаңды жəне бөгде заттарды тазартыңыз. Шаң-тозаң бар орталарда
ауыстыруға корпус қақпағын бекітуге немесе объективтерді ауыстыруға
əрекеттенбеңіз.
Бөгде заттар кескін сенсорына кірсе, «Кескін сенсорын тазалау»
(0 426) бөлімінде сипатталғандай кескін сенсорын тазалау параметрін
пайдаланыңыз. Егер мəселе жалғасса, сенсорды қолмен тазалаңыз
(0 429) немесе сенсорды өкілет
ті Nikon қызмет көрсет
у
қызметкерлеріне тазалаттырыңыз. Сенсорда бөгде заттардың болуы
əсер еткен фотосуреттерді кейбір кескіндерді өңдеу қолданбаларында
қол жетімді кескінді тазалау параметрлерін пайдаланып өңдеуге
болады.
D Фотокамераға жəне керек-жарақтарға қызмет көрсету
Фотокамера дəлдікпен жұмыс істейтін жəне уақытылы күтім көрсетуді
қажет ететін құрылғы. Nikon компаниясы фотокамераны бастапқы
сатушыға немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне бір-екі
жыл сайын тексертуге жəне əр үш-бес жыл сайын қызмет көрсету үшін
апаруға кеңес береді (бұл қызметтердің ақылы екенін ескеріңіз).
Фотокамераны кəсіби мақсатта пайдалансаңыз, жиі те
ксе
ртіп жəне
қызмет көрсетіп тұрған жөн. Фотокамерада жиі қолданылатын
объективтер немесе қосымша жарқыл бөліктері сияқты керек-
жарақтарды фотокамераны тексертуге немесе техникалық қызмет
алуға апарғанда бірге апару қажет.