Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
394
Ақауларды жою
Фотосуреттерде жəне бейнефильмдерде дисплейде көрсетілген алдын-
ала қараумен бірдей экспозиция жоқ сияқты: экспозиция мен түске əсер
ететін параметрлерге енгізілген өзгерістердің əсерлерін алдын-ала қарау үшін
d8 (Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану))
қолданушы параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Monitor brightness
(Монитор жарықтығы) жəне Viewfinder brightness (Көріністапқыш
жарықтығы) параметрлеріне енгізілген өзгерістер фотокамерамен жазылған
кескіндерге əс
ер етпейт
інін ескеріңіз.
Бейнефильм режимінде жыпылықтау немесе жолақтар пайда болады:
бейнефильм түсіру мəзірінде Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)
параметрін жəне жергілікті айнымалы ток қуат көзінің жиілігіне сəйкес
параметрді таңдаңыз.
Объектив көрінісінде жарық аймақтар немесе жолақтар көрінеді: сурет
жыпылықтайтын белгі, жарқыл немесе ұзақтығы қысқа басқа жарық көзінің
астында құрылуда.
Фотосуреттерде жағылған жерлер пайда болады: объе
ктивт
ің алдыңғы
жəне артқы элементтерін тазалаңыз. Егер мəселе қайталанса, кескін сенсорын
тазалаңыз.
Bokeh (Боке) біркелкі емес: жоғары ысырма жылдамдықтарын жəне/немесе
жылдам объективтерді пайдаланғанда, сіз боке пішіні біркелкі емес екенін
байқауыңыз мүмкін. Бұл əсерді баяуырақ ысырма жылдамдықтаырн жəне/
немесе жоғарырақ f сандарын таңдау арқылы азайтуға болады.
Суреттерге байқалатын кескіннің қосарлануы немесе жарқырау əсер
етеді: кү
нді неме
се басқа қатты жарық көздерін қамтитын түсірілімдерде
кескіннің қосарлануын немесе жарқырауды байқауыңыз мүмкін. Бұл əсерлерді
бленданы жалғау немесе түсірілімдерді қатты жарық көздері кадрдан алыс етіп
жиектеу арқылы азайтуға болады. Сонымен бірге объектив сүзгілерін алып
тастау, басқа ысырма жылдамдығын таңдау немесе дыбыссыз фотосурет
түсіруді пайдалану сияқты басқа əдістерді қ
олданып көруге
болады.
Суретке түсіру күтпеген жерден аяқталады немесе басталмайды:
қоршаған ортаның температурасы жоғары болса немесе фотокамера
қатарынан суретке түсіру, бейнефильм жазу немесе сол сияқты үшін ұзақ
пайдаланылса, фотокамераның ішкі тізбектерінің зақымдалуын болдырмау
үшін суретке түсіру автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Фотокамера қызып
кеткендіктен суретке түсіре алмасаңыз, ішкі тізбектердің сууын күтіңіз, сода
н
кейі
н əрекетті қайталаңыз. Фотокамера жылы сезілуі мүмкін екенін, бірақ бұл
ақаулықты білдірмейтінін ескеріңіз.