Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
362
Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру
4 Фокустаңыз.
Нысанды кадрдың
ортасына
орналастырыңыз да,
ысырманы босату
түймешігін жартылай
басып фокустаңыз.
5 Жарқыл деңгейін құлыптаңыз.
Жарқылдың дайындығын білдіретін
индикатордың (c) фотокамера
дисплейінде көрініп тұрғанын
тексергеннен кейін 1-қадамда
таңдалған басқару тетігін басыңыз.
Жарқыл бөлігі монитордың алдын-
ала шығатын жарқылын шығарып тиісті жарқыл деңгейін
анықтайды. Жарқыл шығысы осы деңгейде құлыптанады, əрі
жарқыл қуатының құлпы белгішесі (r) дисплейде
көрсетіледі.
6 Фотосуретті қайта жиектеңіз.
Жарқыл шығысы 5-қадамда
өлшенген мəнде құлыптаулы қалады.
7 Фотосурет түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басып суретке
түсіріңіз. Қажет болса, жарқыл қуатының құлпын босатпай
қосымша суреттер түсіруге болады.
8 Жарқыл қуатының құлпын босатыңыз.
Жарқыл қуатының құлпын босату үшін 1-қадамда таңдалған
басқару тетігін басыңыз. Жарқыл қуатының құлпы белгішесі
(r) көрсетіліп тұрмағанын растаңыз.