Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
357
Фотокамерадағы жарқылмен фотосурет түсіру
Repeating flash (Бірнеше рет жанатын жарқыл): ысырма
ашық кезде жарқыл бірнеше рет жанып, бірнеше экспозиция
əсерін тудырады. Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)),
бөліктің ең көп жану санын (Times (Саны)) жəне жарқыл
секундына қанша рет жанатынын (Frequency (Жиілік),
герцтермен өлшенеді) таңдаңыз. Times (Саны) үшін
қолжетімді параметрлер Output (Шығыс) жəне Frequency
(Жиілік) үші
н таңдалған п
араметрлерге байланысты өзгеріп
отырады; мəліметтер алу үшін жарқыл бөлігімен бірге
қамтамасыз етілген құжаттаманы қараңыз.
D Біріктірілген жарқылды басқару
Біріктірілген жарқылды басқару фотокамераға жəне жарқыл бөлігіне
параметрлерді бөлісуге мүмкіндік береді. Егер біріктірілген жарқылды
басқаруды қолдайтын жарқыл бөлігі фотокамераға бекітілген болса,
жарқыл параметрлеріне фотокамерамен немесе жарқыл бөлігімен
енгізілген өзгертулер екі құрылғыда да көрсетіледі,
Camera Control Pro 2 қосымша бағдарламалық жасақтамасын
пайдаланып енгізілген өзгертулер де.
D i-TTL жарқылды басқару тетігі
CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөлігі TTL мəніне орнатылған кезде
фотокамера мына жарқылды басқару түрлерінің біреуін автоматты
түрде таңдайды:
i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл: жарқыл басты жарқыл
шығармас бұрын бірнеше рет көрінбейтіндей дерлік жыпылықтайды
(монитор жыпылықтары). Фотокамера нысандардан шағылысқан
алдыңғы жарқылдарды талдайды жəне жарқыл шығысын негізгі
нысан мен қоршаған ортаның фондық жарықтандыруы ара
сында
таби
ғи теңгерім алу үшін реттейді.
Стандартты i-TTL толықтырғыш жарқыл: кадрда жарықты
стандартты деңгейге апару үшін реттелген жарқыл шығысы; артқы
фонның жарықтығы ескерілмейді. Негізгі нысанға артқы нəрселерге
қарағанда көбірек мəн берілуі тиіс суреттер үшін немесе экспозиция
түзетілімі мүмкіндігі пайдаланылған кезде ұсынылады. Стандартты
i-TTL толықтырғыш жарқылы нүктелі экспоөлшегіш таңдалғанда
автоматты түрде іске қо
сылады.