Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
347
Қосылымдар
Суреттерді бір бірден басып шығару
1 Қажет суретті көрсетіңіз.
Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін
басыңыз. Ағымдағы кадрды ұлғайту үшін X түймешігін
басыңыз (масштабтаудан шығу үшін K түймешігін басыңыз).
Бір уақытта алты суретті көру үшін W (Q) түймешігін
басыңыз. Суреттерді белгілеу үшін мульти селекторды
пайдаланыңыз немесе белгіленген суретті толық өлшемде
көрсету үшін X түймешігін басыңыз.
2 Басып шығару параметрлерін реттеңіз.
Келесі элементтерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз,
содан кейін элементті белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін
басыңыз жəне параметрлерді көру үшін 2 түймешігін
басыңыз (тек ағымдағы принтер қолдайтын параметрлер
тізіледі; əдепкі параметрді пайдалану үшін Printer default
(Принтердің əдепкі параметрі) параметрін таңдаңыз).
Параметрді таңдаудан кейін принтер параметрлері мəзіріне
оралу үші
н J түйм
ешігін басыңыз.
Page size (Бет өлшемі): бет өлшемін таңдау.
No. of copies (Көшірмелер саны): бұл параметр тек
суреттер бір бірден басып шығарылғанда көрсетіледі.
Көшірмелер санын (ең көбі 99) таңдау үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз.
Border (Жиек): фотосуреттерді ақ жиектермен жақтауға
алу керек пе, соны таңдаңыз.
•Print date (Күнді басып шығару): фотосуреттерде жазу
к
үндерін ба
сып шығару-шығармауды таңдаңыз.
Cropping (Кесу): бұл параметр тек суреттер бір бірден
басып шығарылғанда көрсетіледі. Кесусіз шығу үшін No
cropping (Кесусіз) параметрі белгілеп, J түймешігін
басыңыз. Ағымдағы суретті кесу үшін Crop (Кесу) пəрменін
белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Кесіндіні таңдау тілқатысу
терезесі көрсетіледі; кесінді өлшемін арттыру үшін X
түймешігін, азайту үшін W (Q) түйм
ешігін бас
ыңыз жəне
кесіндіні орналастыру үшін мульти селекторды
пайдаланыңыз. Шағын кесінділер үлкен өлшемдерде
басып шығарылса, басып шығару сапасы төмендеуі мүмкін
екенін ескеріңіз.