Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
320
Мəзір нұсқаулығы > N Өңдеу мəзірі
4 Өңделген көшірме жасаңыз.
Өңделген көшірме жасау үшін J
түймешігін басыңыз. Өңделген
көшірмелер p белгішесімен
көрсетіледі.
D Ағымдағы кескінді өңдеу
Ағымдағы кескіннің өңделген көшірмесін жасау үшін i түймешігін
басып, Retouch (Өңдеу) пəрменін таңдаңыз.
D Көшірмелерді өңдеу
Параметрлердің көпшілігін басқа өңдеу параметрлерін пайдаланып
жасалған көшірмелерге қолдануға болады, дегенмен (Trim movie
(Бейнефильмді қысқарту) параметрін қоспағанда) əр параметрді тек
бір рет қолдануға болады (бірнеше рет өңдеу кішігірім элементтердің
жоғалуына əкелуі мүмкін екенін ескеріңіз). Ағымдағы кескінге қолдану
мүмкін емес параметрлер сұр түспен көрсетіледі жəне қолжетімсіз
болады.
D Кескін сапасы мен өлшемі
NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу), Trim (Кадр шеттерін кесу)
жəне Resize (Өлшемін өзгерту) арқылы жасалған көшірмелер
жағдайын қоспағанда көшірмелердің өлшемі түпнұсқамен бірдей
болады. JPEG пішіміндегі кескіндерден жасалған көшірмелердің
сапасы түпнұсқамен бірдей болады, ал NEF (RAW) жəне TIFF (RGB)
пішіміндегі кескіндерден жасалған кесілген жəне өлшемі өзгертілген
көшірмелер JPEG fine (JPEG сапалы)m пішімінде сақталады.