Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
239
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
3 Суретке түсіруді бастаңыз.
Start (Бастау) пəрменін белгілеп, J
түймешігін басыңыз. Суретке түсіру
шамамен 3 с-тан кейін басталады.
Дисплей өшеді жəне фотокамера
таңдалған аралықпен фотосуреттер
түсіреді (суретке түсірудің басында
таңдалған фокустау қашықтығынан бастайды жəне əрбір
түсірілімде таңдалған фокустау қашықтығы қадамымен
шексіздікке қарай ілгерілейді). Суретке түсіру таңдалған
суреттер саны түсірілгенде немесе фокус шексіздікке
жетке
нде аяқталады. Барлық суреттер түсірілмей тұрып
суретке түсіруді аяқтау үшін түсірілімдер арасында
ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе J
түймешігін басыңыз.
D Апертура
Кішірек апертураларда орын алуы мүмкін анықтықтың жоғалуын
болдырмау үшін f саны f/11–f/8 мəнінен төменірек апертураны
таңдаңыз.
D Суретке түсіру кезінде
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру кезінде басқару
панеліндегі суретке түсіру режимінің индикаторы өшеді жəне жад
картасына қатынасу шамы жыпылықтайды. c3 (Power off delay
(Қуатты өшіруді кешіктіру)) > Standby timer (Күту режимінің
таймері) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан
суретке түсіру кезінде күту режимінің таймері бітпейді. Фокусты
жылжыту арқылы фотосурет түсіру кезінде фотокамера параметрлерін
өзг
ерту суретке
түсірудің аяқталуына əкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Суретке түсіру кезінде фокус реттелсе, суретке түсіру аяқталады.
D Peaking Stack Image (Фокусты көрсететін кескіндер дестесі)
Қарау кезінде Peaking stack image (Фокусты көрсететін кескіндер
дестесі) үшін Create (Жасау) мəні таңдалған фотосуреттерде p
белгішесі көрініп, фокустау дестесін алдын ала қарауды i түймешігін
басу жəне Display peaking stack image (Фокусты көрсететін
кескіндер дестесін көрсету) пəрменін таңдау арқылы көрсетуге
болатынын көрсетеді. Суреттер дестеленгенде ақ түспен көрсетілген
аумақтар фокуста болады. Фокус дестесін ал
дын ала қа
рауларды тек
жасау үшін пайдаланылған фотокамерада көруге болады.