Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
211
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
Жоғары контрастты нысандармен пайдаланылатын High
Dynamic Range (Жоғары динамикалық ауқым) (HDR) əр түрлі
экспозицияларда түсірілген екі түсірілімді біріктіріп жарық
аумақтардағы жəне күңгірт аумақтардағы кішігірім элементтерді
сақтайды. HDR матрицалық өлшеммен бірге пайдаланғанда ең
тиімді (нүктелі немесе ортасы бойынша өлшенген өлшеу
əдістерінде Auto (Автоматты) экспозиция айырмашылығы
шамамен 2 ЭМ мəніне тең болады). Оны фотокамераның ке
йбір
мүм
кіндіктерімен, соның ішінде NEF (RAW) жазумен,
жарқылмен фотосурет түсірумен, брекетингпен, бірнеше
экспозициямен, Bulb (Қолмен басылу режимі) жəне Time
(Уақыт) ысырма жылдамдықтарымен, я болмаса аралықты
реттейтін таймер, фокусты жылжыту арқылы немесе
баяулатылған жазумен біріктіру мүмкін емес.
Мына параметрлер қолжетімді:
HDR mode (HDR режимі): On (series) (Қосулы (қатар)) (HDR
фотосуреттерінің қатарын түсіру, Off (Өшірулі) күйін таңдағанда
аяқталады), On (single photo) (Қосулы (бір фотосурет)) (бір HDR
фотосуретін түсіру) жəне Off (Өшірулі) (қосымша HDR
фотосуреттерін түсірусіз шығу).
Exposure differential (Экспозиция айырмашылығы): HDR
фотосуретін жасау үшін біріктірілетін екі түсірілім арасындағы
экспозиция айырмашылығын таңдаңыз. Жоғары контрастты
нысандар үшін үлкенірек мəндерді таңдаңыз немесе
фотокамераға экспозиция айырмашылығын көрініске сай реттеуге
мүмкіндік беру үшін Auto (Автоматты) режимін таңдаңыз.
Smoothing (Тегістеу): əрбір HDR фотосуретін құрайтын
түсірілімдер арасындағы шекараларды қаншалықты тегістеу
керектігін таңдаңыз.
HDR (High Dynamic Range) (HDR (жоғары
динамикалық ауқым))
G түймешігі C (фотосурет түсіру мəзірі)
+
Бірінші экспозиция
(күңгірттеу)
Екінші экспозиция
(ашықтау)
Біріктірілген HDR
кескіні