Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
90
Суретке түсіру басқару элементтері
D Continuous H (Extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген))
Фотокамера параметрлеріне байланысты əрбір қатарынан түсіру
кезінде экспозиция ретсіз өзгеріп отыруы мүмкін. Мұны экспозицияны
құлыптау арқылы болдырмауға болады (0 94).
D Жад буфері
Фотосуреттер жад картасына сақталып жатқанда фотосуреттер
түсіруді жалғастыруға мүмкіндік беру үшін фотокамера уақытша
сақтауға арналған жад буферімен жабдықталған. Ысырманы босату
түймешігін жартылай басып тұрғанда экспозиция саны дисплейлерінде
ағымдағы параметрлерде буферде сақтауға болатын кескіндердің
жуықталған саны көрсетіледі.
Монитор Басқару панелі
Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына
қатынасу шамы жанады. Суретке түсіру жағдайлары мен жад
картасының өнімділігіне байланысты жазу бірнеше секундтан бірнеше
минутқа дейін созылуы мүмкін. Қатынасу шамы өшкенше жад
картасын шығармаңыз, я болмаса қуат көзін суырмаңыз немесе
ажыратпаңыз. Егер фотокамера буферде деректер қалған кезде
өшірілсе, қуат буфердегі барлық кескіндер жаз
ылған
ша өшпейді. Егер
батарея қуаты буферде кескіндер қалған кезде таусылса, ысырманы
босату мүмкіндігі ажыратылады жəне кескіндер жад картасына
тасымалданады.