Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
164
Ақауларды жою
Суреттерді өшіру мүмкін емес: суреттер қорғалған. Қорғауды алыңыз.
Суреттерді өңдеу мүмкін емес: бұл фотокамерамен суретті өңдеу мүмкін
емес.
Фотокамера қалтада кескіндер жоқ делінген хабарды көрсетеді: Playback
folder (Ойнату қалтасы) үшін All (Барлығы) мəнін таңдаңыз.
Суреттерді басып шығару мүмкін емес: NEF (RAW) жəне TIFF пішіміндегі
фотосуреттерді тікелей USB байланысы арқылы басып шығару мүмкін емес.
Фотосуреттерді компьютерге тасымалдап, Cap
ture NX-D бағдарламасын
па
йдаланып басып шығарыңыз. Өңдеу мəзіріндегі NEF (RAW) processing
(NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып NEF (RAW) фотосуреттерін JPEG
пішімінде сақтауға болады.
HDMI құрылғыларында суреттер көрсетілмейді: HDMI кабелі (бөлек
сатылады) қосулы екенін тексеріңіз.
HDMI құрылғыларына шығары күтілгендей жұмыс істемейді:
HDMI кабелі дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Баптау мəзірінде HDMI > Advanced (Кеңейтілген) > External recording
control (Жазуды сырттан басқару) үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
Бапт
ау мəз
ірінде Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына
келтіру) пəрменін таңдаудан кейін қайтадан тексеріңіз.
Capture NX-D бағдарламасындағы Image Dust Off (Кескіндегі тозаң іздерін
кетіру) параметрі қажет əсер бермейді: кескін сенсорын тазалағанда кескін
сенсорының орны ауысады. Кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып
жазыған тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау
орындалғаннан кейін түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес; осы
си
яқты, кеск
ін сенсорын тазалау орындалғаннан кейін жазылған тозаң іздерін
кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып
түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес.
Компьютерлер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамера сияқты
көрсетпейді: үшінші тараптың бағдарламалық жасақтамасы Picture Control
режимдерін, Қосылған D-Lighting, виньеттеуді басқаруды немесе сол
сияқтыларды көрсетпейді. Capture NX-D немесе ViewNX-i бағдарламалық
жасақтамасын пайдаланыңыз.
Суреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес: компьютердің
операциялық жү
йес
і фотокамераның немесе кескінді тасымалдау
бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімді емес. Суреттерді компьютерге
көшіру үшін жад картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын пайдаланыңыз.