Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
53
Негізгі параметрлер
AF-C
Continuous
AF (Үздіксіз
АФ)
Қозғалатын нысандар үшін. Ысырманы босату
түймешігі жартылай басылып тұрғанда фотокамера
үздіксіз фокустайды; нысан қозғалса, фотокамера
нысанға дейінгі түпкілікті қашықтықты болжайды
жəне қажет болса, фокусты реттейді. Əдепкі
параметрлерде ысырманы нысан фокуста болса
да, болмаса да босатылады (босату басымдығы).
AF-F
Full-time AF
(Тұрақты
АФ)
Фотокамера нысанның қозғалысына немесе кадр
жиектемесіндегі өзгерістерге сəйкес фокусты
үздіксіз реттеп отырады. Ысырманы босату
түймешігін жартылай басқанда фокустау нүктесі
қызылдан жасылға өзгереді жəне фокус
құлыпталады. Бұл параметр тек бейнефильм
режимінде қолжетімді.
MF
Manual focus
(Қолмен
реттелетін
фокус)
Қолмен фокустау (0 62). Ысырма нысан фокуста
болса да, болмаса да босатылады.
D Autofocus (Автофокус)
Фотокамера фокустап жатқанда дисплей жарығырақ немесе күңгірттеу
болуы жəне фотокамера фокустай алмаса, кейде фокустау нүктесі
жасыл түспен көрсетілуі мүмкін. Фотокамера келесі жағдайларда
автофокусты пайдаланып фокустай алмауы мүмкін:
Нысанның жақтаудың ұзын жиегіне параллель орналасқан сызықтары бар
Нысанның контрасты жеткіліксіз
Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарық
аумақтары бар немесе нысанның бір ғана тұстан шығатын жарығы,
неон белгісі немесе жарықтығы өзгеріп тұратын өзге жарық көзі бар
Флюоресцентті, сынапты, натрийлі немесе соларға ұқсас жарық
астында жыпылықтау немесе жолақтану іздері орын алады
Айқас (жұлдызша) түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі пайдаланылған
Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
Нысанда геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе
көпқабатты үй терезелерінің қатары) көп
D Фотокамераны өшіру
Фокустаудан кейін фотокамераны өшіріп, қайта қоссаңыз, фокустау күйі
өзгеруі мүмкін.
A Low-Light AF (Төмен жарық АФ)
Жарықтандыру нашар кезде фокусты жақсарту үшін AF-S параметрін
таңдаңыз жəне a11 (Low-light AF (Төмен жарық АФ)) қолданушы
параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
Параметр Сипаттама