Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
431
Техникалық ескертпелер
Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау
құрылғысынан алыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз. Бұл
құрылғылар сөндірулі тұрған кезде де шамалы заряд алады жəне
батареяның қуатын батарея жұмыс істемейтін болғанша азайтуы
мүмкін. Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
фотокамерадан сақтау үшін алу алдында оны фотокамераға салыңыз
жəне таусылғанша пайдаланыңыз. Батареяны қор
шағ
ан орта
температурасы 15 °C–25 °C салқын орында (ыстық немесе өте суық
орындарды таңдамаңыз) сақтау керек. Осы процесті кемінде алты ай
сайын бір рет қайталаңыз.
Батареяның қуаты толық таусылған кезде фотокамераны қайта-қайта
қосу немесе өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Заряды
толығымен таусылған батареяларды пайдалану алдында зарядтау
керек.
Батарея пайдаланылған кезде батареяның іш
кі температурасы
көт
ерілуі мүмкін. Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау
əрекеті батареяның жұмысына əсер етеді жəне батарея зарядталмауы
немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында
батареяның салқындауын күтіңіз.
Батареяны іште 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында
зарядтаңыз. Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары
қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз; осы сақтық
шарасы орындалмаса, батарея зақымдалуы немесе өнімділіг
і
наша
рлауы мүмкін. 0 °C пен 15 °C жəне 45 °C пен 60 °C аралығындағы
батарея температураларында сыйымдылық азаюы жəне зарядтау
уақыты артуы мүмкін. ТемпературасыC-тан төмен немесе 60 °C-тан
жоғары болса, батарея зарядталмайды.
Зарядтау кезінде CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жылдам жыпылықтаса
(шамамен секундына сегіз рет), температура дұрыс ауқымда екеніне
көз жеткізіңіз, содан кейін зарядтау құрылғысын розеткадан суырып,
батареяны алып, қайт
а салыңы
з. Мəселе жалғасса, пайдалануды
дереу тоқтатыңыз, сөйтіп батареяны жəне зарядтау құрылғысын
дүкенге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне
апарыңыз.
Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын жылжытпаңыз немесе
батареяға тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өте сирек
жағдайларда зарядтау құрылғысының батарея ішінара зарядталған
болса да, зарядтау аяқталды деп көрсетуіне əкелуі мүмкін. Зарядтауды
қайта ба
стау үші
н батареяны алып, қайта салыңыз.