Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
423
Техникалық ескертпелер
Кескін сенсорын тазалау
Егер кескін сенсорындағы кір немесе шаң фотосуреттерде
пайда болған тəрізді көрінсе, сенсорды баптау мəзіріндегі Clean
image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрін
пайдаланып тазалауға болады. Сенсорды Clean now (Дəл
қазір тазалау) параметрін пайдаланып кез келген уақытта
тазалауға немесе фотокамера өшірулі тұрғанда автоматты
түрде тазалауға болады. Кескін сенсорын тазалау мəселені
шешпесе, Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз.
❚❚ «Clean now (Қазір тазалау
Фотокамераның негізін төмен қаратып
ұстап, баптау мəзірінде Clean image
sensor (Кескін сенсорын тазалау)
пəрменін таңдаңыз, содан кейін Clean
now (Қазір тазалау) пəрменін белгілеңіз
жəне J түймешігін басыңыз.
Фотокамера кескін сенсорын тексереді
жəне тазалайды. Тазалау аяқталғанша
басқа əрекеттерді орындау мүмкін емес;
тазалау аяқталып, баптау мəзірі
көрсетілгенше қуат көзін алмаңыз
немесе ажыратпаңыз.