Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
416
Техникалық ескертпелер
Қашықтан
басқару
сымдары
MC-DC2 қашықтан басқару сымы (ұзындығы 1 м):
фотокамераның қосымша керек-жарақ жалғағышына қосулы
кезде MC-DC2 қашықтан басқару сымын ысырманы қашықтан
босату үшін пайдалануға болады.
GPS
құрылғылары
GP-1/GP-1A GPS құрылғысы: фотокамераның қосымша
керек-жарақ жалғағышына қосулы кезде бар GP-1/GP-1A
құрылғыларын фотокамерамен түсірілген суреттерде
ағымдағы ендікті, бойлықты жəне UTC (əмбебап үйлестірілген
уақытты) жазу үшін пайдалануға болады. GP-1/GP-1A
құрылғыларын жасау аяқталғанын ескеріңіз.
USB
кабельдері
UC-E24 USB кабелі: фотокамераға қосуға арналған C түріне
жататын жалғағышы бар жəне USB құрылғысына қосуға
арналған A түріне жататын жалғағышы бар USB кабелі.
UC-E25 USB кабелі: екі C түріне жататын жалғағышы бар
USB кабель.
HDMI
кабельдері
HC-E1 HDMI кабелі: фотокамераға қосуға арналған C түріне
жататын жалғағышы бар жəне HDMI құрылғыларына қосуға
арналған А түріне жататын жалғағышы бар HDMI кабелі.
Тікелей қосу
адаптерлері
AS-15 синхрондау терминалының адаптері: синхрондау
терминалы арқылы студиялық стробоскоптық шамдарды
немесе басқа жарқыл жабдығын жалғау үшін фотокамераның
тікелей қосу контактісіне AS-15 синхрондау терминалының
адаптерін бекітіңіз.
Керек-
жарақтарға
арналған
құрылғы
BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы: жарқыл
бөлігі жалғанбаған кезде керек-жарақтарға арналған
құрылғыны қорғайтын қақпақ.
Корпус
қақпақтары
BF-N1 корпус қақпағы: корпус қақпағы объектив орнында
болмағанда фотокамераға шаңның кіруін болдырмайды.
Сымсыз
таратқыштар
WT-7 сымсыз таратқышы: WT-7 сымсыз таратқышын
суреттерді сымсыз желі арқылы кері жүктеу, фотокамераны
Camera Control Pro 2 (бөлек сатылады) орнатылған
компьютерден басқару, я болмаса, компьютерден немесе
смарт құрылғыдан суреттерді қашықтан түсіру жəне шолу үшін
пайдаланыңыз.
Ескертпе: сымсыз таратқышты пайдаланғанда сымсыз желі
жəне желі негіздері туралы біраз білім қажет. Сымсыз
таратқыштың бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқаға
жаңартыңыз.