Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
389
Ақауларды жою
Ақауларды жою
Фотокамерадағы кез келген мəселелерді төмендегі
қадамдарды орындау арқылы шеше алуыңыз мүмкін. Дүкенге
немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласу
алдында осы тізімді тексеріңіз.
1-ҚАДАМ
Келесі бөлімдерде тізілген жиі кездесетін мəселелерді
тексеріңіз:
«Мəселелер мен шешімдер» (0 390)
«Индикаторлар жəне қате туралы хабарлар» (0 396)
2-ҚАДАМ
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз. Шамамен
бір минут күтуден кейін батареяны қайта салып,
фотокамераны қосыңыз.
D Суретке түсіруді енді аяқтасаңыз, батареяны алу
алдында кемінде бір минут күтіңіз, өйткені фотокамера
жад картасына əлі деректер жазып жатуы мүмкін.
3-ҚАДАМ
Nikon веб-сайттарында іздеңіз.
Қолдау ақпаратын жəне жиі қойылатын сұрақтарға
жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға арналған
веб-сайтқа кіріңіз (0 xxii). Фотокамераға арналған соңғы
бағдарлама жасақтамасын жүктеп алу үшін мына бетке
кіріңіз:
https://downloadcenter.nikonimglib.com
4-ҚАДАМ
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне
хабарласыңыз.
D Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Ағымдағы параметрлерге байланысты кейбір мəзір элементтері жəне
басқа мүмкіндіктер қолжетімсіз болуы мүмкін. Сұр етілген мəзір
элементтеріне немесе басқалай қолжетімсіз мүмкіндіктерге қатынасу
үшін баптау мəзіріндегі Reset all settings (Барлық параметрлерді
қалпына келтіру) элементін пайдаланып əдепкі параметрлерді
қалпына келтіріп көріңіз (0 315). Дегенмен, сымсыз желі профильдері,
авторлық құқық туралы ақпарат жəне басқа қолданушы жасаған
жаз
балар да қалпы
на келтірілетінін ескеріңіз. Қалпына келтіруді
орындау алдында баптау мəзіріндегі Save/load settings
(Параметрлерді сақтау/жүктеу) параметрін пайдаланып
параметрлерді сақтау ұсынылады.