Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
379
Қашықтағы жарқылмен фотосурет түсіру
Басты жарқыл үшін арнаны
таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын
жарқыл бөліктері SB-500 қамтыса
3-арнаны таңдау керек, олай
болмаса, 1 жəне 4 арасындағы кез
келген арнаны таңдауға болады.
4 f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басты
жарқылмен бірдей арнаға орнатыңыз.
Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін 3-қадамда
таңдалған арнаға орнатыңыз.
5 f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін
топтаңыз.
Əрбір қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігі үшін топты (A, B
немесе C, я болмаса, SB-500 басты жарқылын пайдаланып
жатсаңыз, A немесе B) таңдаңыз. Пайдалануға болатын
қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің санына шектеу
болмағанымен, іс жүзіндегі ең жоғары мəнəр топ үшін үш.
Бұл саннан көбірек болса, қашықтан басқарылатын жарқыл
бөліктері шығаратын жарық жұмысқа кедергі келтіреді.
6 C/f: түсірілімді жиектеңіз.
Суретті жиектеңіз жəне жарқыл бөліктерін орналастырыңыз.
Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз
етілген құжаттамада қараңыз. Бөліктерді орналастырудан
кейін жарқылды сынау мақсатында қосу үшін басты
жарқылдағы сынақ түймешігін басыңыз жəне бөліктер
қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ
жарқыл бөліктерін жарқылдың ақпараттық дисплейіндегі i
түймешігін басу (0 388) жəне c Test flash (c Жа
рқылды
сынау) пəрменін таңдау арқылы сынау мақсатында қосуға
болады.
7 C/f: фотосурет түсіріңіз.
Барлық жарқыл бөліктерінің жарқылдың дайындығын
білдіретін шамдары жанып тұрғанына көз жеткізгеннен кейін
фотосурет түсіріңіз.