Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
298
Мəзір нұсқаулығы > B Баптау мəзірі
Үлгі кескінге қарап монитордың түс
балансын реттеу үшін мульти
селекторды төменде көрсетілгендей
пайдаланыңыз. Үлгі кескінсоңғы
түсірілген фотосурет немесе ойнату
режимінде, соңғы көрсетілген
фотосурет; басқа кескінді таңдау үшін
W (Q) түймешігін басыңыз жəне сурет
нобайлары тізімінен кескінді таңдаңыз
(белгіленген кескіндерді толық өлшемде
көру үшін X түймешігін басып, ұс
тап
тұрыңыз). Егер жад картасында
фотосуреттер болмаса, үлгі кескіннің
орнына сұр жиегі бар бос кадр көрсетіледі. Реттеулер
аяқталғанда шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Монитордың түс балансын монитор белсенді дисплей болғанда
ғана реттеуге болатынын ескеріңіз; оны «тек көріністапқыш»
монитор режимінде немесе көзіңіз көріністапқышқа жақындап
тұрғанда реттеу мүмкін емес. Монитордың түс балансы тек
суретк
е түсіру, ойнату жəне мəзір дисплейлеріне қолданылады;
фотокамерамен түсірілген суреттерге əсер етілмейді.
Monitor Color Balance (Монитордың түс
балансы)
G түймешігі B (баптау мəзірі)
Жасыл түсті арттыру
Көк түсті арттыру Сары түсті арттыру
Қою қызыл түсті арттыру