Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
201
Мəзір нұсқаулығы > C Фотосурет түсіру мəзірі
4 Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз
жəне түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг
бағдарламасына сай Active D-Lighting (Қосылған
D-Lighting) мүмкіндігін əр түсірілімде өзгертеді.
Брекетинг қосулы кезде дисплей
ADL брекетингі белгішесін жəне
брекетинг ретіндегі қалған
түсірілімдер санын көрсетеді. Əрбір
түсірілімнен кейін қалған
түсірілімдер саны біреуге азаяды.
❚❚ Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін Number of shots (Түсірілімдер
саны) параметрі үшін 0F мəнін таңдаңыз.
D ADL Bracketing (ADL брекетингі)
Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде суретке түсіру брекетинг
бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсірілгеннен кейін
кідіртіледі. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке
түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып
кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын
босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі
келесі түсірілімнен бастап жа
лғастыруға бо
лады. Егер тізбектегі
барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера
қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.