Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
105
i мəзірі
D Алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын өлшеу
HDR немесе бірнеше экспозиция арқылы суретке түсіру орындалып
жатқанда алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын өлшеу мүмкін
емес.
D Тікелей өлшеу режимі
c3 (Power off delay (Қуатты өшіруді кешіктіру))> Standby timer (Күту
режимінің таймері) қолданушы параметрі үшін таңдалған уақытта
əрекеттер орындалмаса, тікелей өлшеу режимі аяқталады.
D Алдын-ала енгізілген мəндерді басқару
Фотосурет түсіру мəзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) > Preset
manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн) параметрін ақ түс
балансын бар фотосуреттен таңдалған алдын-ала енгізілген мəнге
көшіру, аңғартпалар қосу немесе алдын-ала енгізілген мнəдерді қорғау
үшін пайдалануға болады.
D Алдын-ала қолмен енгізілген мəн: алдын-ала енгізілген мəнді
таңдау
Алдын-ала енгізілген мəнді таңдау үшін
фотосурет түсіру мəзірінде White balance
(Ақ түс балансы) > Preset manual (Алдын-
ала қолмен енгізілген мəн) тармағын
таңдаңыз, содан кейін алдын-ала енгізілген
мəнді белгілеңіз жəне J түймешігін
басыңыз. Таңдалған алдын-ала енгізілген
мəн үшін қазіргі уақытта мəн жоқ бол
са, ақ
түс ба
лансы 5200 K мəніне орнатылады, бұл Direct sunlight (Тік күн
жарығы) параметрімен бірдей.