Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
86
Суретке түсіру басқару элементтері
«Суретке түсіру режимі» ысырманы босату түймешігін басқанда
не болатынын анықтайды. Суретке түсіру режимін таңдау үшін
c (E) түймешігін ұстап тұрып, басты басқару дискін
айналдырыңыз. Қажетті параметр белгіленгенде J түймешігін
басыңыз; таңдалған параметр түсіру режимінің дисплейінде
жəне басқару панелінде белгішелер арқылы көрсетіледі.
Фотосурет режимінде келесі параметрлер қолжетімді.
c/E (суретке түсіру режимі/өздігінен
түсіруді реттейтін таймер) түймешігі
Монитор
Басқару панелі
Параметр Сипаттама
U
Single frame
(Əр кадр
бойынша)
Ысырманы босату түймешігі басылған сайын
фотокамера бір фотосурет түсіреді.
V
Continuous L
(Үздіксіз Т)
Ысырманы босату түймешігін басып тұрғанда
фотокамера секундына 1–5 кадр жазады. Кадр
жылдамдығын суретке түсіру мəзірінде
Continuous L (Үздіксіз Т) белгіленгенде
қосымша басқару дискін айналдыру арқылы
таңдауға болады.
W
Continuous H
(Үздіксіз Ж)
Ысырманы босату түймешігін басып тұрғанда
фотокамера секундына 5,5 кадрға дейін жазады.