Қолданушы нұсқаулығы
26
Негізгі фотосурет түсіру жəне ойнату
Қаламайтын суреттерді жою
Ағымдағы суретті жою үшін O түймешігін басыңыз. Жойғаннан
кейін суреттерді қалпына келтіру мүмкін емес екенін
ескеріңіз.
1 Жойғыңыз келетін суретті
көрсетіңіз.
«Негізгі қарау» бөлімінде (0 24)
сипатталғандай жойғыңыз келетін
фотосуретті немесе бейнефильмді
көрсетіңіз.
2 Суретті жойыңыз.
O түймешігін басыңыз. Растау
тілқатысу терезесі көрсетіледі;
суретті жою жəне қарауға оралу үшін
O түймешігін қайтадан басыңыз.
Суретті жоймай шығу үшін K
түймешігін басыңыз.
A Жою
Таңдалған суреттерді, таңдалған күндерде түсірілген барлық
суреттерді немесе жад картасындағы таңдалған орындағы барлық
суреттерді жою үшін қарау мəзіріндегі Delete (Жою) параметрін
пайдаланыңыз.