Қолданушы нұсқаулығы

23
Негізгі фотосурет түсіру жəне ойнату
4 Жазуды бастаңыз.
Жазуды бастау үшін бейнефильмді
жазу түймешігін басыңыз. Жазу
орындалып жатқанда фотокамера
жазу индикаторын жəне қалған
уақытты көрсетеді. Дисплейде
нысанды нұқу арқылы
фотокамераны жазу барысында кез
келген уақытта қайта фокустауға
болады. Дыбыс кірістірілген
микрофон арқылы жазылады; жазу
кезінде микрофонды жаппаңыз.
5 Жазуды аяқтаңыз.
Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді
жазу түймешігін қайта басыңыз. Жад
картасына қатынасу шамы
фотокамера бейнефильмді жад
картасына сақтауды аяқтап
жатқанда жанып тұрады. Шам
өшкенше жəне жазу аяқталғанға
дейін жад картасын шығармаңыз
немесе батареяны шығармаңыз.
D 0 белгішесі
0 белгішесі бейнефильмдерді жазуға болмайтынын көрсетеді.
Бейнефильмді жазу
түймешігі
Жазу индикаторы
Қалған уақыт
Жад картасы
қатынасу шамы