Қолданушы нұсқаулығы
14
Алғашқы қадамдар
D Жад карталары
• Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад
карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз.
• Жад карталарын фотокамераға салған немесе алған кезде
фотокамераны өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер
жазылып, өшіріліп немесе компьютерге немесе басқа құрылғыға
көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз,
фотокамераны өшірмеңіз немесе батареяны шығармаңыз. Осы
сақтық шараларын орындама
у деректе
рді жоғалтуға я болмаса
фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
• Жад картасының түйіспелеріне саусақпен немесе металл заттармен
тимеңіз.
• Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау жад картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Майыстыруға, түсіріп алуға немесе қатты соққылардың əсерін тигізуге
болмайды.
• Судың, жылудың, ылғалдылықтың жоғары деңгейлерінің немесе
күн
нің тік сəулелері əсер
іне ұшыратпаңыз.
• Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
D Жад картасы жоқ
Жад картасы салынбаған болса, түсіру режимінің дисплейінде «жад
картасы жоқ» индикаторы жəне [–E–] көрінеді.
A Жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары деректерді
кездейсоқ жоғалтуға жол бермеу
үшін жазудан қорғау
ажыратқышымен жабдықталған.
Бұл ажыратқыш « құлыптау» күйінде
болғанда, жад картасын пішімдеу
мүмкін емес жəне фотосуреттерді жою немесе жазу мүмкін емес
(ысырманы босатуға əрекеттенсеңіз, мониторда ескерту көрсетіледі).
Жад картасының құлпын ашу үшін ажыратқышты «жазу» күйіне
сырғытыңыз.
Жазудан қорғау ажыратқышы