Қолданушы нұсқаулығы

iii
Таңбалар жəне шартты белгілер
Қажет ақпаратты оңайырақ табу үшін келесі таңбалар мен шартты
белгілер пайдаланылады:
Фотокамера дисплейлерінде көрсетілетін мəзір элементтері,
параметрлер жəне хабарлар қалың қаріппен көрсетілген. Бұл
нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера мониторындағы жəне
көріністапқыштағы дисплей «түсіру режимінің дисплейі» деп аталады;
жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды көрсетеді.
Бұл фотокамерада осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталатын SD,
SDHC жəне SDX
C жад карт
алары пайдаланылады.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер «смарт құрылғылар»
деп аталады.
Фотокамера параметрлері
Осы нұсқаулықтағы түсіндірмелерде əдепкі параметрлер
пайдаланылады деп саналады.
Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы
мəліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан
табуға болады жəне техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз.
https://www.europe-nikon.com/support
Осы нұсқаулық туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне жасалған
сілтемелерді белгілейді.
A Қауіпсіздік шаралары
Фотокамераны алғаш рет пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік
шаралары» (0 x) бөліміндегі қауіпсіздік туралы нұсқауларды оқыңыз.