Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
Атын өзгерту
Қалталар 5 таңбалы қалта атымен, оның алдында камера авт
оматты түрде тағайындайтын
3 таңбалы қалта нөмірімен анықталады. Әдепкі қалта атауы – “NZ_50”; жаңа қалталарға
тағайындалған атауды өзгерту үшін Атын өзгерту опциясын таңдаңыз. Қажет болса, пернетақта
көрсетілген кезде O түймесін басып тұру арқылы әдепкі атауды қалпына келтіруге болады. Бар
қалталардың атын өзгерту мүмкін емес.
D Мәтін енгізу
Мәтін енгізу қажет болғанда пернетақта көрсетіледі. Экрандағы әріптерді түртіңіз немесе
таңбаларды бөлектеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және оларды ағымдағы курсор
орнына кірістіру үшін J түймесін басыңыз (егер өріс толған кезде таңба енгізілсе, өрістегі
соңғы таңба жойылатынын ескеріңіз). Курсор астындағы таңбаны жою үшін O түймесін басыңыз.
Курсорды жаңа орынға жылжыту үшін дисплейді түртіңіз немесе негізгі басқару дискін бұрыңыз.
Енгізуді аяқтау және алдыңғы мәзірге оралу үшін X түймесін түртіңіз. Мәтін енгізуді аяқтамай
шығу үшін G түймесін басыңыз.
Мәтінді көрсету аймағы
Пернетақта аймағы
239
Сақтау қалтасы