Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

Table Of Contents
P , S , A және M режимдерінде ISO сезімталдығын
автомат
ты басқаруды S түймешігін басып тұрып, ішкі
басқару дискін айналдыру арқылы қосуға немесе өшіруге
болады. Автоматты ISO сезімталдығын басқару қосылғанда,
S түймешігі мен негізгі басқару дискімен таңдалған мәнде
оңтайлы экспозицияға қол жеткізу мүмкін болмаса, ISO
сезімталдығы автоматты түрде реттеледі. ISO сезімталдығының
тым жоғары болуын болдырмау үшін фотосурет түсіру
мәзіріндегі ISO сезімталдық параметрлері > Максималды
сезімталдық тармағын пайдаланып, ISO 200-ден Hi 2-ге дейінгі
жоғарғы шекті таңдауға болады.
Қосымша командалық теру
S түймесі
Автоматты ISO сезімталдығын басқару мүмкіндігі қосылғанда,
түсіру дисплейінде ISO AUTO
көрсетіледі. Пайдаланушы
таңдаған мәннен сезімталдық өзгертілгенде, өзгертілген мән
дисплейде көрсетіледі.
ISO сезімталдығын автоматты басқару
D ISO сезімталдығын автомат
ты басқару
Пайдаланушы таңдаған ISO сезімталдығы автоматты ISO сезімталдығын басқару мүмкіндігі
қосылған кезде Максималды сезімталдық үшін таңдалғаннан жоғары болса, оның орнына
пайдаланушы таңдаған мән пайдаланылады. Жарқылды пайдаланған кезде, ысырма жылдамдығы
реттелетін параметр e1 ( жарқылды синхрондау жылдамдығы ) үшін таңдалған жылдамдық
пен пайдаланушы параметрі e2 ( жарқыл ысырма жылдамдығы ) үшін таңдалған жылдамдық
арасындағы мәндермен шектеледі.
144
S (ISO сезімталдығы) түймесі