Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Орауыш құрамы
- Мазмұны
- Мәзірлер тізімі
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамерамен танысу
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Техникалық ескертпелер
- Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары
- Техникалық сипаттамалары
- Рұқсат етілген жад карталары
- Батареяның қызмет көрсету мерзімі
- NIKKOR Z DX 16–50 мм f/3.5–6.3 VR объективі
- NIKKOR Z DX 50–250 мм f/4.5–6.3 VR объективі
- Ескертпелер
- Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
- Сауда белгілері мен лицензиялар
- Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
31
Техникалық ескертпелер
• Батарея төмен температураларда зарядталса немесе зарядталған
температурадан төмен температурада қолданылса, оның
сыйымдылығы уақытша азаюы мүмкін.
• Толық зарядталғаннан кейін батареяны зарядтай беру батареяның
жұмысына əсер етуі мүмкін.
• Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған
батареяның белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін
білдіреді. Жаңа батарея сатып алыңыз.
• Зарядтау құрылғысын үйлесімді бат
ареялармен ғана пайдалан
ыңыз.
Пайдаланбаған кезде розеткадан суырып қойыңыз.
• Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс ысуына
жəне зақымдануына əкелуі мүмкін.
• Батареяны пайдалану алдында зарядтаңыз. Маңызды шараларда
фотосурет түсірген кезде, толық зарядталған қосалқы батарея дайын
болсын. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада
сатып алу қиын
ға соғуы мүмк
ін. Салқын күндері батареялардың
сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сырттағы салқын ауа
райында фотосурет түсіру алдында батареяның толық зарядталғанына
көз жеткізіңіз. Қосалқы батареяны жылы жерде ұстаңыз жəне екеуін
қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін салқын батарея
зарядының белгілі бір бөлігі қалпына келуі мүмкін.
• Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, ал
дымен
түйіспе тұстарды лента
мен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.
• Пайдаланғанда ішін ашық қалдыратын немесе əдеттен тыс
дыбыстарды тудыратын зақымы бар зарядтау құрылғыларын
пайдаланбаңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері: зарядтау айнымалы ток адаптерін
пайдаланғанда төмендегі сақтық шараларын қолданыңыз.
• Зарядтау кезінде фотокамераны жылжытпаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өте сирек жағдайларда фотокамераның батарея ішінара
з
арядт
алған болса да, зарядтау аяқталды деп көрсетуіне əкелуі мүмкін.
Зарядтауды қайтадан бастау үшін адаптерді ажыратып, қайта қосыңыз.
• Адаптердің түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау адаптердің шамадан тыс қызуына жəне зақымдануына
əкелуі мүмкін.
• Пайдаланылып жатпағанда адаптерді розеткадан ажыратыңыз.
• Пайдаланғанда ішін ашық қалдыратын немесе əдеттен тыс
дыбыстарды тудыратын зақымы бар адапт
ерлерді пайдаланбаң
ыз.