Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
28
Техникалық ескертпелер
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң-тозаңды баппен
тазалау үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ
шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін таза сумен
азғантай ылғалдандырылған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін
фотокамераны толығымен кептіріңіз.
Объективтер, көріністапқыштар жəне басқа шыны элементтер оңай
зақымдалады. Шаң-то
заңды ауа үргішп
ен ақырын кетіру керек.
Аэрозольды ауа үргішті пайдаланған кезде сұйықтық төгілмеуі үшін
сауытын тік ұстаңыз. Шыны беттерден саусақ іздерін жəне басқа
дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалағыш
сұйықтықтан шамалы құйып, шыныны мұқият сүртіңіз.
Кескін сенсорына тимеңіз: ешбір жағдайда
кескін сенсорына күш салмау, оны тазалағыш
құралдармен түртпеу керек немесе оғ
ан ауа
үргіштен шығаты
н қатты ауа ағынын
бағыттамау қажет. Бұл əрекеттер сенсорға
сызат түсіруі немесе басқаша зақымдауы
мүмкін.
Объектив түйіспелері: объектив
түйіспелерін таза ұстаңыз жəне оларға
саусақтармен, құралдармен немесе басқа заттармен тимеңіз.
Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер өнімді ұзақ уақыт бо
йы
пайдаланбасаңыз, б
атареяның ағуына жол бермеу үшін алып қойыңыз
жəне фотокамераны ылғал тартқышы бар пластик пакетте сақтаңыз.
Дегенмен, фотокамера қабын пластик пакетте сақтамаңыз, себебі бұл
материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін. Ылғал тартқыш ылғалды сіңіру
барысында өз мүмкіндігін баяу жоғалтатынын жəне оны жүйелі
аралықтарда ауыстыру қажет екенін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үш
ін фотокамераны сақталған
жерінен кемінде айына бір рет шығары
п тұрыңыз. Фотокамераны
қосыңыз жəне оны қайта салмай тұрып, ысырмасын бірнеше рет
босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны басқа жерде
сақтау алдында түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
Кескін сенсоры