Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
27
Техникалық ескертпелер
Техникалық ескертпелер
Құлатып алмаңыз: қатты соққыға немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса
немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі
механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Кенет температура өзгерістеріне ұшыратпау керек: салқын кезде
жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа кіре
тін немесе шығатын кезде
пай
да болатын температураның кенет өзгерістері құрылғы ішінде
конденсаттың пайда болуына əкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда
болуына жол бермеу үшін температураның кенет өзгерістері əсер етпей
тұрып, құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе пластик пакетке
салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден алыс ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті
электрмагнитті сəулелену немесе магниттік өрістер шығаратын
жабдықтың қасы
нда пайдаланбаңыз неме
се сақтамаңыз. Радио
таратқыштар сияқты жабдық шығаратын статикалық зарядтар немесе
магниттік өрістер дисплейге кедергі келтіруі, жад картасында сақталған
деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне əсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қоймаңыз: объективті ұзақ уақыт бойы күнге
немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз. Қатты
жарық кескін сенсоры жұмы
сының нашарлауына əке
луі немесе
фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату əсерін тудыруы мүмкін.
Лазерлер жəне басқа қатты жарық көздері: лазерлерді немесе басқа
өте қатты жарық көздерін объективке бағыттамаңыз, өйткені бұл
фотокамераның кескін сенсорын зақымдауы мүмкін.
Батарея алу алдныда өнімді өшіріңіз: өнім қосулы кезде, я болмаса
кескіндер жазылып немесе жойылып жатқанда батареяны алмаңыз.
Осындай ж
ағдайларда қуатт
ы күштеп ажырату деректердің жоғалуына
немесе өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Фотокамераға жəне батареяға күтім
көрсету: сақтық шаралары