Қолданушы нұсқаулығы

Table Of Contents
13
Алғашқы қадамдар
Батарея зарядының деңгейі
Батарея зарядының деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру
режимінің дисплейінде көрсетіледі.
Батарея заряды деңгейінің дисплейі батарея зарядының
деңгейі төмендеуі барысында өзгеріп отырады, L мəнінен
K мəніне дейін жəне соңында H мəніне. Батарея
зарядының деңгейі H күйіне түскенде суретке түсіруді
уақытша тоқтатыңыз жəне батареяны зарядтаңыз немесе
қосалқы батареяны дайындаңыз.
Егер «Shutter release disabled. Recharge battery.» (Ысырманы
босату өшірілген. Б
атареяны зарядтаңыз.) хабары к
өрсетілсе,
батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.
Қалған кадрлар саны
Фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейі ағымдағы
параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттердің санын
көрсетеді (1000-нан асатын мəндер ең жақын жүздікке дейін
дөңгелектеледі; мысалы 1400 жəне 1499 арасындағы мəндер
1.4 k (1,4 мың) деп көрсетіледі).
Монитор Көріністапқыш
Монитор Көріністапқыш